«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Вечерняя школа города Макинск отдела образования по  Буландынскому району управления образования  Акмолинской области».

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызметкердің имиджі

Мемлекеттік қызметшілердің жағымды имиджін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті. Бұл – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім, және-де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы. Мемлекеттікқ ызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек – және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек.

Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде көрсетілген, «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани — этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық Ережені басшылыққа алуы тиіс.

  1. Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.
  2. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасы мен шатастырмауы керек.
  3. Шенеунік «Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.
  4. Заң талаптары мен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды.
  5. Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.
  6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.
  7. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.
  8. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.

Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып келеді.

Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.

Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.

Жаңартылған күні: 29.11.2020 02:04
Құрылған күні: 29.11.2020 02:04

Текст