«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Вечерняя школа города Макинск отдела образования по  Буландынскому району управления образования  Акмолинской области».

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Макинск қаласы

Макинск — Ақмола облысы Бұланды ауданындағы қала, ауданы және Макинск қалалық әкімдігі орталығы (1957). 1945 жылға дейін "Макинка жұмысшылар кенті" деп аталған.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 93 км-дей жерде.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 18540 адам (9015 ер адам және 9525 әйел адам) болса, 2009 жылы 16745 адамды (7876 ер адам және 8869 әйел адам) құрады.[1]

Тарихы және кәсіпорындары

Іргесі 1914 жылы қаланған, 1945 жылы қала мәртебесі берілді. 1942 жылы Тамбов облысы (Ресей) Мичуринск қаласындағы поршеньді сақина жасау зауытының көшіп келуіне байланысты Макинск қаласының өнеркәсібі дами бастады. Кейіннен металл жасау зауыты, бейкентас құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын, құрылыс және құрастырушы материалдар комбинаты, ағаш өңдеу зауыты, элеватор, нан пісіретін зауыт іске қосылды. Қалада “Степгеология”, “Поршенькомплект”, “Бұланды карьері”, “Макинск элеваторы”, “Прогресс”, “Агротехсервис”, “Макинск мұнайбазасы” акционерлік қоғамы, 3 автокәсіпорын, автоматты телефон станциясы жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

5 жалпы білім беретін мектеп, музыка, спорт мектептері, 3 аурухана, емхана, дәріхана, санитарлы-эпидемиологиялық станциясы, 2 мәдениет үйі, 3 клуб, 2 кинотеатр, 6 кітапхана, балалардың шығармашылық үйі, баспахана бар. Сауда торабы және қоғамдық тамақтану орындарынан 32 дүкен, 7 асхана жұмыс істейді. Қалада 2-дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға және Кеңес Одағының батырлары М.В.ЯглинскийгеИ.Ф.ОлиговқаИ.К.Скуридинге обелиск орнатылған. Қала арқылы Астана – Көкшетау автомобиль жолы, Степногорск – Атбасар темір жол өтеді.

Жаңартылған күні: 29.11.2020 02:59
Құрылған күні: 29.11.2020 02:59

Текст