Текст
Ақмола облысында жауын-шашын, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 30 метр және одан да көп болады. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында 8 градус аяз, күндіз 3 градус аяз 2 градус жылы. Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын болады, жолдар көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.